«ONEGЕFEST», ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ФЕСТИВАЛІ, 17-18 ЖЕЛТОҚСАН, 2022
ӘЛЕМДЕ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ...
«OnegеFest» – Практикалық психология фестивалі

«Әлемде өмір сүру өнері…»
Біз бірлескен оқыту кеңістігін құрып, ақпаратты, білімді және тәжірибені бөлісуге кеңес береміз. Өйткені, адамға бұл дүниеде өмір сүру үшін адам керек қой.

«OnegeFest» - бұл адамдар практикалық дағдылар мен пайдалы білім алумен қатар сапалы әрі кәсіби психотерапияның қалай жұмыс істейтінін жеке сезіне алатын орта. Мұнда әріптестермен кездесіп, ниеттес адамдарды, достарды және, бәлкім, жеке психологыңызды/психотерапевтіңізді/жаттықтырушыңызды тауып алуыңыз мүмкін.
OnegeFest не береді?
ӘЛЕМДЕ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ...
  • Қалауыңызға қарай аяқ басуды үйренесіз. Бұл әр адам үшін бөлек нәрсе, мысалы, жақын адамдарымен қарым-қатынасты түзеу, жаңа таныстық, махаббат, проблемалардың шешімін табу, қиындықтардан құтылу, өзін-өзі дамыту және жаңа белестерге жету, табысты арттыру, өз балаларын шектейтін нанымдарсыз және психологиялық жарақаттарсыз, еркін және табысты және т.б., болып өсуіне көмектесу.
  • Психотерапияның әртүрлі әдістері мен бағыттары іс жүзінде қалай жұмыс істейтінімен танысу.
  • Жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды қәсіпқой мамандардың көмегімен шешуге алғашқы қадам жасау мүмкіндігі.
  • Өзіңіздің мерзімі жеткен мәселелеріңіз бойынша терапевтік топтардың жұмысына қатысу.
  • Психолог-студенттер мен болашақта психология мен психотерапия мамандығы бойынша оқығысы келетіндер үшін.
OnegeFest кімдерге арналған?
ӘЛЕМДЕ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ...
  • Өз өміріндегі проблемалардың шешімін, олардан шығу жолын тапқысы келетіндер немесе өмір сапасын жақсартқысы келетіндер үшін.
  • Адамдардың психологиясына және оларды дамытуға қызығушылық танытатын қарапайым адамдар үшін.
  • Балаларының болашағын ойлайтын ата-аналар үшін.
  • Өздеріне жақсы психотерапевт іздеп жүрген адамдар үшін.
  • Психолог-студенттер мен болашақта психология мен психотерапия мамандығы бойынша оқығысы келетіндер үшін.
  • Кәсіби психологтар, психотерапевтер үшін.
Өткізу түрі: офлайн және онлайн
Фестиваль Алматы қаласында өтеді.

Егер сіз басқа қалада болсаңыз, фестивальдің онлайн шарасына қатыса аласыз.

Жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.

Фестиваль аясында: дәрістер, шеберлік сағаттары, тренингтер, шығармашылық шеберхана сабақтары өтеді.
OnegeFest бағдарламасында 3 «бағыт» (панель) жоспарланған:
Жан дүниеңмен үйлесімдікте өмір сүру өнері
Жан дүниеңмен үйлесімдікте өмір сүру деген не? Қазіргі әлемде өмірден толық ләззат алатынымен мақтана алатын адамдар жоқтың қасы, өйткені бұл психологиялық, рухани, әлеуметтік және физикалық жағдайлар сияқты көптеген факторларға байланысты. Егер осылардың біреуіне көңіл бөлінбей қалса, онда адамның жалпы өмір сапасы мен оның ішкі әлемінің барлық басқа бөліктері де зардап шегеді.
Сондықтан ішкі дүниеңді, өзіңнің шынайы қажеттіліктеріңді, құндылықтарың мен мүмкіндіктеріңді түсінуді үйрену, сондай-ақ өз-өзіңді тани алу, өзіңнің өмір сүруге көмектесетін жақсы қасиеттеріңді және кедергі келтіретін әдеттеріңді көре алу өнерін меңгеру, сонымен бірге өзіңе, басқа адамдарға және тұтастай әлемге сенуді үйрену өте маңызды.
Адамдармен жылы қарым-қатынаста болу өнері
Адам – әлеуметтік тіршілік иесі, сондықтан басқа адамдармен қарым-қатынаста болу – оның өмірінің маңызды бөлігі. Басқа адамдарды түсіну, өзіңнің және басқаның эмоцияларын тани білу, дұрыс қарым-қатынас орната білу, олардың қамын ойлау және оларды аялау сияқты амалдарды үйрену зор еңбек пен елеулі дағды-тәжірибені және өмір бойы үйренуді қажет етеді. Өйткені барлық адам бірдей емес және олардың мүдделері, өмірлік құндылықтары, қалаулары әртүрлі…
Адамдармен жылы қарым-қатынаста болу өнері күн өткен сайын өзекті болып келеді, себебі әлем күн сайын алуан түрлі әрі өзара тәуелді болып өзгеріп жатыр, осылайша мұндай қатынас басқа адамдардың ұлты, жасы, діні, өмірге деген көзқарасы, мүгедек адамдарға деген қарым-қатынасы және т.с.с. айырмашылықтарын көбірек түсінуді және қабылдай білуді талап етіп отыр.
Алуан түрлі әлемде және әртүрлі адамдармен өмір сүруді үйрену адамдардың бір-бірін жақтырмай қарау, соның ішінде белгілі бір ерекшеліктері мен себептері бойынша зорлық-зомбылық, буллинг, стигматизация және кемсітушілік жасау деңгейін азайту дегенді білдіреді.
Отбасыңмен тату-тәтті өмір сүру өнері
Бұл өмірде ешнәрсе мінсіз бола алмайды, әр адамның өмірінде жүріп өтуі тиіс өз кедергісі, өз жолы, өз тағдыры бар. Дәл солай әр отбасында да белгілі бір жеке өзіне ғана тән сынақтар жиынтығы болады, осындай сынақтар ерлі-зайыптыларды не бұрынғысынан да жұмылдыра түседі, не, керісінше, оларды екіге айырады.
Отбасы мен неке – бұл еңбек. Бұл өмір бойына созылатын әрі күн сайын бірге жүріп өтуді қажет ететін процесс. Оны реттемей, оның қамын жасамай, өз бетімен жіберсе, қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Ал берекелі отбасылық қарым-қатынас құру ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей қатысты.
Болашақ ата-аналар мен қазір ата-ана болып жүргендер мына қағиданы есте сақтап алуға міндетті: баланың күн көрісі ғана емес, сонымен қатар оның жүйке жүйесінің, психикасының және денсаулығының дұрыс дамуы ересектердің, яғни ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың қарым-қатынасы мен тәртіптеріне тікелей байланысты.
Бұл неліктен маңызды?
Бәріміз бір кездері мектепте оқығанбыз, көптеген қажетті және қажет емес те білім алдық. Бірақ өсе келе, өмірде жай ғана оқуды, жазуды және санауды білуіміз аздық ететінін, ол бізден әлдеқайда көп нәрсені білуімізді талап ететінін түсіндік. Шын мәнінде, «өмір» деп аталатын мектептегі оқуымыз әлі жалғасып келеді.

Фестивалімізге өсу жолындағы қиындықтарға, жастың сын-қатеріне төтеп беруге дайын, жеке өмірінде де, отбасында да, мансабында да өз орны мен мәнін іздеп жүрген, жеткен мақсаттарында тоқтап қалмайтын және өз армандары, мақсаттары мен менмендігін ұмытпайтын барлық жастағы адамдарды шақырамыз.

Сіздерді максимум практика, интерактив және жеке тілдесу күтіп тұр!
Өтінім қалдыру
СПИКЕРЛЕР
Кәсіпқой тәжірибелі психологтар мен ұстаздар беретін құнды білім.
  • Наталья Ткаченко
    Психотерапевт, тренер, отбасы терапиясы жөніндегі маман. «Тәлімгерлер мектебі», «Бала асырап алған ата-аналар мектебі», «Бала асырап алған отбасыларды кәсіби сүйемелдеу», «Саналы түрде ата-ана болу» оқыту курстары мен бағдарламаларының авторы.
  • Татьяна Федотова
    Балалар психологы, тренер. Әлеуметтік жұмыс маманы,
    «Ковчег» мекемесі директорының орынбасары, психолог, Бала асырап алған ата-аналар мектебінің тренері.

  • Анджелика Лазебная
    Символдрама әдісі бойынша психотерапевт; психоанализге бейімделген маман; ЕКПП-Ресей мүшесі (Санкт-Петербург қ.); Символдраманы дамыту ұйымдарының қауымдастығы – Кататимдік-имагинативтік психотерапия (СДҰҚ КИП) мүшесі; Кәсіби психотерапевтер лигасының (КПЛ) мүшесі.
  • Светлана Богатырёва
    Психология магистрі, отбасы психологы, суицидолог.
  • Айжан Медеуова
    Тәжірибелі психолог, ойын практигі, МАК-карталар бойынша сертификатталған маман.
  • Сергей Комаров
    Психолог, «Бала асырап алған ата-аналар мектебінің» тренері, отбасылық терапевт.
  • Ван Виктория
    Психотерапевт, клиникалық психолог, сексолог, «Symboldrama» Психология және психотерапия орталығының директоры, президент Қазақстандық символдраманы дамыту қоғамының - Кататимдік-имагинативтік психотерапия (ҚДҰҚ КИП) директоры, супервизор, «Тұран» университетінің докторанты.
  • Зухра Абдрахманова
    Психолог, ұлттық тренер, «Life» психология орталығының директоры.
  • Светлана Булгакова
    Психология магистрі. Жұмыс тәжірибесі – 15 жыл. Кіріктірілген тәсілді пайдаланады. Перинаталдық, репродуктивтік, отбасылық психология және ата-ана психологиясы. Әртүрлі аурулардың психосоматикалық бөлігін зерттеу, адамның ойы мен мінез-құлқын өзгерту арқылы симптомдардан арылту. Өзіңді табу және т.с..
  • Лариса Левина
    Психология ғылымының кандидаты. Клиникалық психолог. Ресей арт-терапевтер қауымдастығының мүшесі. Ұйымдастырушы және Қазақстан арт-терапевтер және метафоралық карталармен жұмыс істеу мамандары қауымдастығының мүшесі. Кәсіби психотерапевтер лигасының толық мүшесі. Әлеуметтік психотерапия жөніндегі халықаралық ғылыми кеңес мүшесі. Метафоралық карталар колодасының және тұлғаның даму проблемалары жөніндегі кітаптардың авторлары. Практикалық қызметінің тәжірибесі – 20 жылдан астам.
  • Татьяна Фёдорова
    Полимодальді психолог, сертификаттаушы ұстаз, 9 метафоралық колоданың, картамен жұмыс істеу туралы мақалалардың, әдістемелердің және техникалардың авторы, Қазақстандағы алғашқы Таро мектебінің ұйымдастырушысы, кармолог, таролог, биоэнергет, тылсым символизм маманы, халықаралық конгрестердің, фестивальдердің, форумдардың спикері. Карталармен жұмыс істеу тәжірибесі – 50 жыл.
  • Ольга Ходорева
    Журналист, психолог, редактор, копирайтер, медиатренер.
  • Бибигуль Махметова
    Сертификатталған родолог-кеңесші, «Өз тегіңе арналған родолог» авторлық курсының ұйымдастырушысы және жүргізушісі, Халықаралық Кәсіби родологтар лигасының мүшесі, педагог-психолог, MBA, сертификатталған ментор (International Coaches Union), сертификатталған тренер (OSD/University of Pittsburg, USA), әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және бала мен ата-ана қарым-қатынасы мәселелері жөніндегі сарапшы маман.
  • Маржан Еликулова
    Сот сараптама эксперт психологы. "Intellect7G" Академиясы президенті.
  • Александр Скуртул
    Психоаналитичкалық психотерапевт, член Еуропа Психоаналитичкалық Психотерапия Конфедереациясы, Ашық Кәсіби Психотерапевтер Лигасының мүшесі.
  • Анна Макеева
    Психолог, арт-терапевт, МАК бойынша сертификатталған маман, Б.Хеллингер жүйелі орналастыру әдісінің маманы, «Менің бүкіл әлемім» трансформациялық ойынының авторы әрі жүргізушісі.
  • Мурат Кабылбаев
    Көпбалалы әке, қоғам қайраткері, «Маған аспанды көрсетші» кітабының авторы.
  • Гульнур Кулкыбаева
    Денеге бейімделген психолог, би-қозғалыс бағдарламаларының сертификатталған тренері.
  • Назира Оспанбек
    «SOS Алматы Балалар ауылы» ЖБМ жанындағы «Балалар мен отбасыға қолдау көрсету орталығының» басшысы, Бала асырап алған ата-аналар мектебінің тренері (2 тілде), әлеуметтік жұмысшыларды дайындаушы тренер (UNICEF желісі бойынша).
  • Инна Рудакова
    Журналист, режиссер, продюсер, тренер Тайцзицюань.
  • Ирина Якимов
    СҚО Психикалық денсаулық орталығының психологы, тәжірибелі психолог.
  • Шолпан Кабжанова
    Психолог. Дағдарысты ахуал кезінде, қиын өмір жағдайында көмектесу. Біз бірге ішіңіздегі ресурстарды тауып, өзектендіріп, нығайтатын боламыз.
  • Мөлдір Ибраимова
    Отбасы психологы – кеңесші, Тәлімгерлік мектебі бар «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қазақ тіліндегі «Практик-психолог» курсының авторы.
Офлайн және онлайн қатысу – тегін
Біздің фестивальге өзіңіз үшін кез келген қолайлы сомамен қолдау білдіре аласыз.
Ол үшін QR-кодты сканерлеңіз
Көмегіңізге рақмет!
Біздің Телеграмға жазылыңыз!
Біз ол жерде шеберлік сағаттары мен спикерлер туралы ақпаратты жариялайтын боламыз
Серіктестер
Егер сіз OnegeFest серіктесі болғыңыз келсе, бізбен байланысыңыз, толығырақ талқылаймыз.
Біздің байланыс тұлғаларымыз:
Шолпан Байболова +7 777 237 55 44
Зухра Абдрахманова +7 747 979 07 08
Өткізілетін жері:
Алматы қ., ҚМЭБИ Университеті, Абай даңғ., 2
Жету схемасы
Барлық фотосурет контентті көрсету үшін пайдаланылады. Үлгідегі мәтіндер мен суреттерді коммерциялық мақсатта пайдаланбауыңызды сұраймыз.
Made on
Tilda